Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қазақстандықтар үшін жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтуді жалғастыруда. Оның аясында жаңа туған нәрестелерге жасалатын күрделі кардиохирургиялық операциялардан бастап, буындарды роботтандырылған эндопротездеуге дейінгі қызметтер көрсетіледі. Біз осы жылдың наурыз айында МӘМС аясында жасалған ең күрделі оталардың тізімін жинақтадық. Ақтауда аорта аневризмасы кезінде стент-графт имплантациясы жасалды
Ақтаудағы клиникалардың бірінде Алматыдан шақырылған тамыр хирургі Сұлтан Илиевтің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Ота барысында жоғары технологиялық араласу – құрсақ аортасына стент-графт имплантациясы жасалды.
Науқасқа құрсақ аортасының аневризмасы диагнозы қойылған – бұл тамыр қабырғасының кеңеюі мен жұқаруымен сипатталатын, өмірге тікелей қауіп төндіретін ауыр патология. Стент-графттың үш модулі аневризманы қан ағымынан толық оқшаулап, жарылу қаупінің алдын алды. Мұндай операциялар өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алып, пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Талғарда дәрігерлер алғаш рет роботтың көмегімен буын ауыстыру операциясын жасады Түркістандық Айсұлу Асамбаева тізесіндегі қатты ауырсыну жүруге кедергі келтіргенін айтады. Талғар ауданындағы Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында оған роботтың көмегімен тізе буынын эндопротездеу бойынша бірегей ота жасалды.
Робот-ассистент хирургиялық қателіктер мен қан жоғалтуды барынша азайтып, имплантты пациенттің жеке анатомиясын ескере отырып, дәл орнатуға мүмкіндік береді. Отаның құны шамамен 4 млн теңге. Алайда МӘМС жүйесінің арқасында ол тегін жасалды. Алғашқы оталар Ресейден келген халықаралық нұсқаушымен бірлесіп өткізілуде, бұл отандық мамандарға тәжірибе алмасуға жол ашады.
Қарағандыда алғаш рет үш айлық қызға күрделі жүрек операциясы жасалды Қарағанды қаласындағы №2 көпсалалы ауруханада үш айлық пациентке алғаш рет күрделі жүрек операциясы жасалды.
Бәрі бастапқыда қарапайым диагноз – пневмониядан басталған. Алайда тексеру барысында негізгі қан тамырының күрт тарылуымен сипатталатын туа біткен жүрек ақауы – аортаның критикалық коарктациясы анықталды. Мамандар консилиумы еліміздің жетекші кардиохирургтарының қатысуымен шеберлік сабағы форматында операция жасауға шешім қабылдады. Астана қаласындағы UMC-ден кардиохирург Ғалымжан Өтегенов пен анестезиолог Хафиз Ахмеров келді.
Операция шамамен 5 сағатқа созылды: аорта коарктациясын резекциялау, «ұшынан-ұшына» анастомоз салу және ашық артериялық өзекті анықтап, оны жою жүзеге асырылды. Аталмыш ауруханада осындай операция алғаш рет жасалды. Бұған дейін мұндай науқастар тек республикалық орталықтарға жіберіліп келді.
ШҚО-да анықталмаған жүрек ақауы бар пациентке бірегей операция жасалды Дәрігерлер бұған дейін туа біткен жүрек ақауы анықталмаған Тарбағатай ауданының 68 жастағы тұрғынына күрделі кардиохирургиялық ота жасады.
Жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы 240 мм сын. бағ. дейін көтерілгеннен кейін, науқаста туа біткен жүрек ақауы, қолқаның өрлеу бөлігінің аневризмасы, екі жармалы қолқа клапаны және жүректің ишемиялық ауруы бары анықталды. Ота шамамен 8 сағатқа созылды және бірнеше жоғары технологиялық араласуды қамтып, өмірге қауіп төндіретін бірнеше патологияны бірден жойды. Ота МӘМС шеңберінде жасалды.
Алматыда аяқ-қол патологиясы бар балаларға 9 бірегей ота жасалды Ресейлік маманмен бірлесе отырып, травматолог-ортопедтер лоскутты (тін бөлігін) ауыстырып салу, экзостоздық қисық қолдылықты түзету, сондай-ақ жарақаттан кейінгі нейропатия, Фолькман контрактурасы және Дюшен-Эрб параличі кезінде сіңір-бұлшықет құрылымдарын транспозициялау әдістерін қолданды.
Медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетілді. Қазақстанда қысылу синдромы (компартмент-синдром) жиі кездеседі. Бұл жағдайда ісіну тамырлар мен жүйкелерге түсетін қысымды арттырып, бұлшықеттер мен жүйкелердің ішінара немесе толық некрозына (өлуіне), ал кейіннен мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.
Аралда аз инвазивті операциялар кеңінен қолданылуда Жаңақұрылыс ауылдық округінің тұрғыны Бекболат Орынбасаров жедел ауырсынумен түсті. Оған өт қабында тас бар деген диагноз қойылды. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия – тіндерге аз зақым келтіретін аз инвазивті операция сәтті жасалды.
Хирургтердің айтуынша, бұрын тек облыс орталықтарында жасалатын көптеген операциялар қазір аудандық аурухана деңгейінде орындалуда. Лапароскопиялық әдістер жоғары тиімділігін дәлелдеді, асқынулар қаупін азайтып, қалпына келу мерзімін қысқартады. Барлық процедуралар ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі. 2026 жылы аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін ӘМСҚ қаражатынан 8,4 млрд теңге бөлінген.
Павлодарлық дәрігерлер омыртқаға күрделі операция жасады №1 қалалық ауруханада Успен ауданының тұрғыны Сергей Кименжердің омыртқасына ота жасалды. Ер адам көп жыл бойы ауыр физикалық жұмыспен айналысқан, соның салдарынан омыртқааралық жарық және қатты ауырсыну тудыратын айқын стеноз дамыған.
Нейрохирургтар микроскоптың көмегімен жарықты алып тастап, жұлын декомпрессиясын жасады, омыртқаны арнайы конструкциямен бекітіп, зақымдалған дискті имплантқа ауыстырды. Жоғары технологиялық ота МӘМС шеңберінде тегін жасалды.
Қазір Сергей Александрович оңалтудан өтіп жатыр және өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Дәрігерлер мұндай оталар ауырсынуды азайтуға және қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмектесетінін атап өтті.

30.03.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026